Атырау қаласының Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде сиыр малы құрбандыққа шалынды.
Ел амандығы үшін дұға жасалып, шалынған құрбан малының еті 24 отбасыға таратылды.
«Қайырымдылық шарасында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылды. Қамқорлық бағытындағы шаралар жалғасын табады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.