Атырауда «Мәулімберген» мешіті балаларды қуантты

Рамазан күнделігі игі істермен жалғасуда.

Атырау қаласы Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті 20 балаға «Рамазан тәттісін» үлестірді.

«Қазақта «Берсең, балаға бер» деген керемет сөз бар. Рамазан айында сәбилерімізді қуантып, сыйлық үлестірдік. Мақсатымыз – Рамазан жылуын сезіндіру» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.