Мәуліт айының құрметіне мәуліт дастарханы жайылды.
Игі шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен ардагерлер қатысты. Шарада сөз алған наиб мүфти Атырау өңірініен шыққан діни ғұламалар мектебіне тоқталды.
Киелі өлкеде талай дін ғалфмдары, ахун, ишандар дүниеге келген. Сарайшықтың өзі көптеген тарихтың куәгері. Бабаларымыздың табаны қалған құтты өлкеде бүгін Мәуліт мерекесі өтіп жатыр. Алла тағала осы өңірден еліне, халқына қалаулы ұрпақ өсе беруін нәсіп етсін,-деп тілек білдірді.
Рухани шара аясында «Өнер қырандары» театры өңір жұртшылығына ыстық ықыласын білдірді. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ұстаздар мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Рухани шарада күйлер орындалып, дәстүрлі әндер шырқалды.