АТЫРАУДА МЕШІТКЕ УАҚЫП ЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы  Парасат мешіті жанынан мешітке уақып етілген қызметтік пәтерді табыстау рәсіміне қатысты.

Аталған пәтер мешіттің азаншысы Аманат Қанатқалиұлына берілді. Рәсім барысында бас имам уақыптың қоғамдағы маңызына тоқталып, мұндай игі істер мешіт қызметкерлеріне қолдау көрсетіп қана қоймай, сауапты амалдардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұсылман қоғамында уақып дәстүрі ежелден келе жатқан қайырымдылықтың маңызды үлгісі екенін жеткізді.

Шараға ҚМДБ Уақып қорының өңірдегі жауапты маманы, мешіт ақсақалдары мен әжелер қатысты. Жиналғандар игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.