Атырауда мешіттер арасында дәстүрлі садақ ату сайысы ұйымдастырылды

Республика күніне орай Атырау облысы өкілдігіне қарасты «Парасат» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттер арасында дәстүрлі садақ ату сайысы өтті.

Ата-баба өнерін жаңғыртқан бұл сайыс – ерлік пен мергендікті дәріптеген, рух пен бірлікті нығайтқан игі шара болды.

Шара барысында мешіт имамы Жасұлан Қуанышұлы жамағатқа насихат айтып, ата дәстүр мен имандылықтың байланысы жайында өнегелі сөздермен бөлісті.

🏹 Жарыс нәтижесінде үздік атанған мергендер:
🥇 Нұржан Тілекқабылұлы«Аррахман» мешіті
🥈 Ғиззат Серікқалиұлы«Сұлтан Бейбарыс» мешіті
🥉 Әли Саламатұлы«Анашым» мешіті
Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықты ұштастырған осындай шаралар ел бірлігі мен бауырмалдықтың жарқын көрінісі бола берсін!