Мұсылман әйел қыздарының киім үлгісі көрсетілген сән шарасына 40-қа жуық адам қатысты.
Тігінші-дизайнерлер ұсынған сән үлгілері әр маусымға арналды. Басты ерекшелігі, киім үлгілері қазақ халқының ұлттық киімдеріне негізделіп тігілді.
Көпшіліктің көңілінен шыққан сәнгерлер бәсекесінде тігінші-дизайнер Диляра Романова бірінші орынды жеңіп алды. Тігінші-дизайнер Гүлсім Биташова екінші орынға лайық деп танылды.
Тігінші-дизайнерлер Маржан Баймұханова мен Айзада Қиынова үшінші орынға лайық деп танылды.
Шара жеңімпаздарын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, сыйлықтарды табыс етті. Және қатысушыларға отбасындағы, қоғамдағы әйел адамның ролі туралы насихат айтты.
Еске сала кетелік, жеңімпаздарға 50 мың теңге, 30 мың теңге, үшінші орынға 20 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Қатысушыларға діни кітаптар тарту етілді.