Атырауда онлайн құрб­андық шалуға тапсырыс қабылдау 1 тамызға дейін ұзарды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 30 шілде, 2020 жыл.  Қазіргі уақытта атыраулықтардан 181 онлайн өтініш түсіп отыр.

«Бұл туралы Атырау облысында Құрбан айт мерекесін карантин талаптарына сай өткізу жөніндегі штаб отырысында белгілі болды» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта qurb­an2020.kz сайты арқы­лы онлайн түрде  тапсырыс қабылдау жалғасуда.


Еске сала кетелік, Құрбан шалу 31 шілде күні Атырау уақытымен сағат 8.00-­де басталады.

Бүгінгі таңда Атыр­ау облысы əкімдігі тарапынан құрылған шт­абтан тыс, орталық «Иманғали» мешіті тар­апынан 12 бригада құ­рылды. Аталмыш брига­да онлайн арқылы бер­ілген тапсырыс аясын­да құрбан малын союм­ен айналысады. Және құрбан шалушыларға фото, видео есептер жіберіліп отырады.