Атырауда Ораза айт мерекесі биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар барысында жамағат арасында танымдық куиздер мен ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Шара аясында қатысушылар діни-танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, жамағат белсенді түрде қатысып, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, бас жүлде ретінде кіші қажылыққа жолдама берілді. Бұл жамағат үшін үлкен қуаныш пен рухани мотивация сыйлаған ерекше сый болды.
Мерекелік басқосуда Атырау өңірінің имамдары насихат айтып, Ораза айттың мән-маңызы мен Рамазан айының тағылымына тоқталды. Олар жамағатты бірлікке, ізгілікке және қайырымдылыққа шақырды.
Сондай-ақ, Рамазан айы қарсаңында басталған «Оразамен челленджі» өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Челленджге қатысқан азаматтар марапатталып, олардың табандылығы мен құлшылығы жоғары бағаланды.
Осылайша, Атырауда өткен Ораза айт мерекесі мазмұнды әрі тағылымды форматта өтіп, жамағатқа ерекше әсер қалдырды.










