Атырауда орталық мешіт Дағдарыс орталығына көмек көрсетті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының қолдауымен Дағдарыс орталығы мекемесіне көмек көрсетілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, балаларымен бірге пана іздеп кеткен аналар мен сәбилерге қолдау көрсетіп отырған орталыққа 150 дана жөргек және 17 пакет сиыр еті жеткізілді.
Сондай ақ, тағдыр тәлкегіне түскен аналарға, олардың сәбилеріне жаңа киім-кешектер апарылды.

Орталық мешіттің қолдауымен жүзеге асырылған қайырымдылық шарасына ҚМДБ жастар қанатының еріктілері атсалысты.