Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан «Әйел-қыздарға арналған сұрақ-жауап бөлмесі» ашылды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, қазіргі уақытта мешіттерімізде тұрғындар мен жамағат тарапынан түсетін сұрақтар көбейген.
«Әсіресе, әйелдер тарапынан түсетін сауалдар көп. Қоғамның сұранысы болғандықтан, арнайы сұрақтарға жауап беретін орынның болғаны дұрыс. Сол себепті осы бөлменің жұмысын ұйымдастырып отырмыз,-деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетейік, сұрақ-жауап бөлмесіне исламтанушы, ұстаз Қатеп Миланбек жауапты болып бекітілді. Кез-келген әйел адам сұрағы бойынша орталық мешітке жұмыс күндері келе алады.