Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Республикалық құран жарысынан мәнерлеп оқу бағыты бойынша жүлделі бірінші орынды иеленген Арман Жамбылұлына құрмет көрсетіп, жамағат алданда иығына шапан жапты.
«Арман Жамбылұлы қазіргі таңда қари, Жылыой ауданының орталық мешітінде қызмет етеді. Шәкірт тәрбиелеп жүр. Өзі де көп уақытын Құранға бөлгеннің нәтижесінде облысымыздың намысын абыроймен қорғап келді. Алла нәсіп етіп екі дүниеде де беделің биік болсын деп тілек білдірді» Алтынбек Ұтысханұлы.
Осындай құрмет көрсету шарасы Жылыой аудандық орталық мешітінде де өтті. Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жамағат алдында қари Арман Жамбылұлына жеңісі үшін алғыс айтқан болатын.
Еске сала кетсек, Қызылордада ХІ республикалық Құран жарысы өткен болатын. 80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысқан еді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.