Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніне қарасты мешітте өткен қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына құрбан малының еті таратылды.
«Қасиетті Рамазан құрметіне өткен қайырымдылық шарасы жоспарлы түрде жалғасын табады. Осы ретте мүфтият бекіткен «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында мешіттерге Рамазан айында көптеген шаралар жоспарланғанын айта кеткеніміз жөн. Ізгілік іске жұмылып отырған атымтай жомарт ағаларымызға Алла разы болсын» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мешіттерінде қала, аудан, ауыл бойынша бір күнде 350 отбасыға азық-түлік, киім-кешек үлестірілген болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.