Бұл туралы Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев хабарлады.
«Биыл Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ тапсырысы шеңберінде «Шапағат» қоғамдық қоры «Jaryq Entertainment» компаниясы базасында түсірген лудомания, нашақорлық, балалар травматизмі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұлттық құндылықтарды сіңіру, деструктивтік діни ағымдар қатарына тарту тақырыптарын қамтитын «Мейірім», «Достық», «Кек» атты үш бөлімді кино-альманах жарық көрді.
Сондай-ақ, Сауд Арабия Корольдігі Мекке қаласында түсірілген «Шырмауық-2» журналистік зерттеуі «YouTube» арнасы арқылы көрерменге ұсынылады. Бұл жұмыстар өңірдің медиа кеңістігін діни ағартушылық бағыттағы насихаттық контентпен тиімді толтыруға мүмкіндік береді» дейді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев.
Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысы аумағында әлеуметтік желілерде діни ағартушылық бағытта 24 парақша жұмыс істеуде. Тұрғындардың радикалды діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру, теріс діни ағымдарды әшкерелеу бағытында Instagram әлеуметтік желісінде «SanalySagat» парақшасы қарқынды жұмыс жүргізуде.
Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ашылған «Azan» радиосы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бері қала тұрғындарына қазақ халқының дәстүрі мен тарихи құндылықтарын және діни экстремизм мен радикализм идеологиясына төзбеушілікті насихаттау жұмыстарын жүзеге асырып келеді.
Баян Жанұзақова