Атырауда Құран Кәрім оқу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті

Атырау облысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Республикалық XIV-ші байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Жарысқа өңірдің, басқа облыстардан келген қарилар қатысып, қасиетті Құран аяттарын жатқа айту және көркем түрде оқу бойынша бақ сынады. Байқау ҚМДБ тарапынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді және мақсаты — жас буынды Құран оқуға баулу, діни білімге ынталандыру, әрі талантты қариларды анықтап, республикалық деңгейде тануға жол ашу. Облыстық іріктеу сайысына қырыққа жуық қари қатысты.

Шара барысында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде Бас имам:
«Құран – адамзатты тура жолға бастайтын ең ұлы мұғжиза. Бұл байқау – жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына серпін береді. Қасиетті Құранды оқу мен жаттау – үлкен сауап. Осындай игі шаралар арқылы дініміздің өркендеуіне үлес қосып келеміз», – деп атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

30- пара яғни құранды толық жаттау бойынша

1- орын Еркебұлан Сержанұлы;
2- орын Мұхаммед Естұрұл;
3- орын Садриддин Сайджанұлы және Азамат Аралбайұлына бұйырды.

20-пара аталымы бойынша
1-орын Нурифат Ярмухамедов;
2- орын Ахмад Амангелдіұлы;

3- орын Жолдас Айдос еншіледі

10-пара бойынша
1- орын Бекзат Жалғасбекұлы;
2- орын Бекарыс Бауыржанұлы;
3-орын Дәурен Саламатұлы иеленді.

Мәнерлеп оқудан

1-орын Ұлан Балтабай,
2- орын Байтүгел Айсұлтан,

3-орын Фердауыс Ержанұлы иеленді

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары енді республикалық сайыста Атырау облысының намысын қорғайтын болады. Барлық жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен дипломдар табысталды