Атырауда құран ұстаздары мен азаншыларға арналған оқыту семинары өтті

Атырау қаласында Құран ұстаздары мен азаншылардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарды Иманғали орталық мешітінің ұстазы, оқу-ағарту бағыты бойынша жауапты маман Арман Амангелдіұлы мен орталық мешіттің ұстазы, қари Еркебұлан Сержанұлы жүргізді.

Басқосу барысында Құранды дұрыс оқудың әдіс-тәсілдері, тәджуид ілімі, азан айту әдебі мен оның шариғаттағы орны жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, шәкірттерге Құран үйретудің тиімді жолдары, ұстаздың жауапкершілігі, мешітте қызмет етудің әдебі мен тәртібі сөз болды. Дін қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы, имамдық және азаншылық қызметті кәсіби деңгейде атқару маңыздылығы атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар тәжірибелік жаттығулар орындап, ұстаздардан әдістемелік кеңес алды.