Атырау қаласын Сұлтан Бейбарыс Құран жаттау орталығында облыстағы мешіттер жанындағы Құран жаттау орталықтарының шәкірттері арасында Құран жарысы басталды.
Байқауға Сұлтан Бейбарыс, Иманғали орталық мешіті, сондай-ақ Құрманғазы ауданы Темірәлі мешіті жанындағы Құран жаттау орталықтарында тәлім алып жүрген 20 қари қатысып, Құранның он парасын жатқа оқу бойынша бақ сынауда.
Шараның ашылуында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Бас имам өз сөзінде:
«Құран жаттау – адамды тәрбие, тәртіп, жауапкершілікке үйрететін ұлы жол. Құранды жаттаған әрбір шәкірт – дініміздің мерейін өсіретін, қоғамға рухани үлгі болар тұлға. Бүгінгі сайыс – сіздердің еңбектеріңізді бағалайтын, шеберліктеріңізді шыңдайтын мүмкіндік. Баршаңызға Алланың нұры жаусын, білімдеріңіз берекелі болсын», – деп атап өтті.
Жарыс белгілі тәжірибелі қарилардың қазылық етуімен жалғасуда.

















