Атырау қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ерекше рухани кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстағы мешіттер жанындағы белсенді жастар, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен дін қызметкерлері қатысты.
Кешке жиналған қонақтарға арнайы ақ дастархан жайылып, ұлттық нақыштағы күй мен термелер орындалды. Шара аясында дін мен дәстүр сабақтастығы, халқымыздың тарихы мен рухани құндылықтары жайлы тағылымды насихат айтылып, мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз алып, жиналған жұртшылыққа Құрбан айт мерекесінің мәні мен маңызы туралы кеңінен баяндады. Ол бұл күннің бірлік пен мейірімге, жанашырлық пен қайырымдылыққа бастайтын рухани мұра екенін ерекше атап өтті.
Кеш барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы, облыстың құрметті азаматы Кәрім Бакриденов, тарихшы Ернар Абзалұлы, сондай-ақ ұстаз Қуаныш Есешов мазмұнды ойларымен бөлісті.
Кеш соңында белсенді жастар мен жамағат өкілдері марапатталып, рухани шара көпшіліктің көңілінен шығып, Құрбан айттың шынайы мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді
























