Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Атырауда ерекше форматта ұйымдастырылған «Айт Quiz» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа облыс мешіттерінің имамдары мен жамағатынан 15 команда 180 адам өзара білім бәсекесіне түсті.
Ойында дін, дәстүр, тарих және қазіргі қоғамға қатысты түрлі тақырыптар қамтылып, қатысушылардың жан-жақты білімі сыналды.
Жеңімпаздар:
• 🥇 Бірінші орын — “Әт-Тақуа” мешіті командасы
• 🥈 Екінші орын — Иманғали орталық мешіті
• 🥉 Үшінші орын — Қайтпай Сұлтан мешіті
Сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер табысталды.
Шараның басты мақсаты – Құрбан айт мерекесінің рухани мәнін арттырумен қатар, жамағат арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, діни білімді насихаттау болды.











