Құрбандық еті 600-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға және 6 қайырымдылық қорына үлестірілді. Шараны ұйымдастыруға облыстағы мешіттер мен еріктілер атсалысты. Құрбан шалуға ниет білдірген азаматтар малын арнайы белгіленген орындарда шалып, етін мұқтаж жандарға таратуға үлес қосты. Сонымен қатар, өңірде санитарлық талаптар сақталып, құрбандық шалу рәсімі жүйелі түрде өтті.
Бұл игі шара қоғамдағы көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, Құрбан айттың рухани маңызын арттырды.
Еске сала кетейік құрбан шалуға ниетті жандар QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн өтініш білдіріп, кез-келген құрбандыққа жарамды мал шала алады.




