Атырау қалалық Құспан молла мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында екі бірдей адмға қажылыққа жолдама табыс етіп, қуантты.
Кіші қажылыққа жолдама мешіттің тұрақты жамағаты Өмірзақ Тұрсынғалиев пен Әт-Тақуа мешітінің имамы Қанағат Мүслимовке табыс етілді.
«Қажылыққа барып, қасиетті бес парыздың бірін шынайы ықыласпен өтеу ‒ әрбір мұсылманның арманы. Біз мешіт ұжымы және жамағаты болып бірлесіп, осындай ерекше сияпатты тақуалығымен, жақсы амалдарымен көпке үлгі болып жүрген азаматтарымызға тапсыруды жөн көрдік. Алла ниетімізді қабыл еткей» деді Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.