Атырауда Республика күніне орай 200 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Республика күніне орай Атырау облыстық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 200 отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері таратылды.

Игі іс-шара барысында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, қайырымдылық — қоғам бірлігін нығайтатын маңызды құндылық екенін атап өтті.
«Бұл көмекті мереке қарсаңындағы сый ретінде қабыл алыңыздар. Қайырымдылық — біздің халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі, бірлігіміздің белгісі», — деді бас имам.

Шараның мақсаты — Республика күні қарсаңында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, сонымен қатар қоғамда ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу. Облыс көлемінде жалғасқан қайырымдылық шарасына еріктілер де жұмылдырылып, мұқтаж жандардың үйіне жеткізіп беруде