Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті.
Бір сәтте 100 отбасына 2 тонна азық-түлік таратылды. Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылған акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды.
«Мәуліт айы – ізгіліктің, жақсылықтың айы. Бұл айда әр мұсылман ізгі іс атқарып, бауырларын қуантуға тырысуы керек. Рақымдылық пен ізгіліктің айы құрметіне қайырымдылық шаралары жалғасады» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.