Атырауда «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде жамағатқа дастархан жайылып, рухани отырыс ұйымдастырылды.
Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамдары Нұрлан Жарқымбаев және Сұлтан Қалтай жамағатқа «Иманым менің жиғаным», «Нағыз байлық дүниенің көптігінде емес, нағыз байлық – имандылық» тақырыптарында уағыз насихат айтты.
Наиб имам Нұрлан Жарқымбаевтың айтуынша, әр мұсылман үшін Аллаға деген иман және оның шынайы болуы ең басты мәселе.
» Өйткені осы иманымыз арқылы біз екі дүние бақытына қол жеткіземіз. Сондықтан, ең әуелі «иман» сөзінің мағынасын талдап алсақ. Иман – «сену, растау» деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала тарапынан жеткізген үкімдер мен тыйымдарды жүрекпен растап, қабыл ету деген сөз» деп атап өтті ұстаз Нұрлан Жарқымбаев.
Рухани кеш барысында ұстаздар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.