АТЫРАУДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ БАБАЛАР РУХЫНА ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Атырау имамдары Тәуелсіздік күніне орай бабалар рухына 10 Құран хатым дұғасын жасады.
Рухани шара барысында алдымен қасиетті Құран аяттары оқылды. Одан кейін облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жамағатпен бірге хатым дұғасын жасады.

Хатым дұғасында бас имам:
«Уа, Алла Тағала! Тәуелсіз елімізге тыныштық пен береке бере гөр. Егемендігімізді нығайтып, халқымызды бірлік пен ынтымақтан айырма. Бабаларымыздың рухын шат қылып, ел жолында жанын қиған ардақтылардың дәрежесін биік ет. Жастарымызды иманды, отансүйгіш ете гөр», – деп дұға етті.

Шара соңында арнайы жамағатқа дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды. Бас имам өз сөзінде Тәуелсіздіктің қадірі мен рухани құндылықтардың маңызын атап өтті.
«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аманаты. Оны сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Бірлігіміз бекем, иманымыз нық болса, еліміздің болашағы жарқын болады», – деді ол.

Сондай-ақ, мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды.