Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық қорының» жанындағы қайырымдылық жаршылары еріктілері дастарханда бас қосты.
Қазақтың ұлттық ойындары кір тасын көтеру,асық ату, қой көтеру сынды ойындар ойнатылып, дастархан басында ізгі насихаттар айтылды.
Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы өзара бауырмалдық пен қоғамда ізгі істерді насихаттауға арналған жиынның маңызы зор екенін атады.
Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды.