Атырауда жас қарилар арасындағы облыстық сайыс өз мәресіне жетті

Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс атындағы қарилар даярлау орталығында облыстық өкілдікке қарасты Құран жаттау орталықтарының шәкірттері арасында өткен Құран байқауы аяқталды.

Жарыстың мақсаты – жас қарилардың қабілетін шыңдау, Құран жаттау дәстүрін жандандыру және үздік шәкірттерді анықтау болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

1-орын – Арифджанов Эльназар (Иманғали орталық мешіті жанындағы Құран орталығы)
2-орын – Бауыржанұлы Бекарыс (Сұлтан Бейбарыс атындағы Құран жаттау орталығы)
3-орын – Ғайниденов Ахмад (Иманғали орталық мешіті жанындағы Құран орталығы)

Жеңімпаздарды облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен белгілі ұстаз, Арман Қуанышбаев арнайы марапаттап, жас қариларға ақ батасын берді. Ол шәкірттерге ілімнің қадірін түсіндіріп, Құран жолында табандылықпен еңбек етуге шақырды.