АТЫРАУДА ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбайұлы Атырау облысының имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында жат діни ағымдардан сақтандыру жұмыстарын жетілдіру, ұлттық құндылықтар мен тарихи танымды терең меңгерудің маңыздылығы, сондай-ақ имамдардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Наиб мүфти бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың қоғам тұрақтылығы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы жат ағымдармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары туралы, ал ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалин экстремистік идеяларға бейімделудің психологиялық факторлары жөнінде мазмұнды дәріс оқыды.