Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық акциясы өтіп, 20 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көп балалы және жартылай жетім отбасыларын қамтыды.
Осылайша, мұқтаж отбасыларына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
«Мұқтаж отбасыларын қолдау шаралары жалғасын табады. Қиналғанға демеу болу – парызымыз» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.