Атырау облысы дін істері басқармасы және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының қолдауымен атыраулық дін мамандары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысында ашылып жатқан мешіттер, діни білім беру орталықтары туралы ақпарат беріп, Атырауға білікті діни кадрлар қажет екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде алпысқа жуық атыраулық студент білім алып жатыр. Сондай ақ, кездесу аясында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен атыраулық студенттерге бір реттік шәкіртақы берілді.