Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Ансар» еріктілері бүлдіршіндерге тосын сый жасады.
Карантин жағдайына байланысты ашық аспан астында ұйымдастырылған қуаныш терапиясы барысында еріктілер 50 сәбиге шар мен тәттілер таратты.
Яғни, еріктілер облыс орталығындағы бірқатар ойын алаңдарын аралап жүріп, балаларды қуантты.
«Мақсатымыз – балаларға қуаныш сыйлау. Себебі, бала еліміздің ертеңі, ұлт болашағы» дейді волонтерлар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.