АТЫРАУЛЫҚ ИМАМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Астана қаласында діни бірлестік өкілдері арасында өткен республикалық «Дала үні – Домбыра» атты өнер байқауында жыр-терме номинациясы бойынша Атырау облысы, Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы Бас жүлдені жеңіп алды.

Ұлттық өнерді насихаттауды және рухани сала өкілдерінің шығармашылығын қолдауды мақсат еткен бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздарды бір арнаға тоғыстырды. Аралбай ақынның термесін нақышына келтіре орындаған Мұрат Сұлтанов қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Айта кетейік, «Дала үні – Домбыра» байқауы дәстүрлі өнер мен діни руханиятты ұштастырып, қоғамда ұлттық құндылықтардың жаңғыруына өз үлесін қосуда. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаудың келесі кезеңі жеңімпаз өңірде өңірде өтетін болады