Атырау облысының имамдары елімізде экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысуда. Бұл игі шараға мешіт жамағаты мен ерікті жастар да жұмыла қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып келеді.
Акция аясында қала аумағындағы маңызды қоғамдық орындарды тазалап, абаттандырылды.
Имамдар бұл іс-шараны тек экологиялық тазалық ретінде емес, рухани тәрбие құралы ретінде де қарастырып отыр. Олар жұма уағыздарында «Тазалық — иманның жартысы» деген хадиске сүйене отырып, халықты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақырды.
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының айтуынша, мұндай бастамалар жастардың тәрбиесіне оң әсер етіп, еліміздің тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, бұл шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатын болады.
Бұл акция — дін мен қоғамның бірлесіп атқара алатын игі істерінің айқын көрінісі. Таза орта — денсаулық кепілі ғана емес, рухани тазарудың да бір жолы.


