Атыраулық студенттерге дастархан жайылды

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан атыраулық студенттерге арнайы дастархан жайылды.

Шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы қатысып, студенттермен сұхбаттасып, насихат айтты.

Болатбек Ұласқанұлы: «Жастар – ел ертеңі. Сіздердің дін мен дүниелік білімді қатар алып, оны ел игілігіне жаратуға ниетті болуыңыз – біздің үлкен үмітіміз. Өңірімізге білікті дін мамандары, имандылық пен бірлікті насихаттайтын кадрлар қажет. Мүфтият пен мешіттеріміздің қызметі – халықтың рухани сұранысына жауап беру, жастарды дұрыс жолға бағыттау. Сондықтан оқып жүрген кездеріңізде алған әрбір сабағыңыз, жинаған әрбір тәжірибеңіз – елге оралғанда жамағатқа, мешіт жұмысына, рухани ағартушылыққа қызмет етуге бағытталса, еңбегіңіз баянды болады. Білім – аманат. Сол аманатты туған жердің өркендеуіне жұмсау – әрқайсыңыздың борышыңыз», – деді.

Шара соңында студенттерге салт-дәстүр, ұлттық таным, психологиялық тақырыптарда семинар ұйымдастырылды