БАС ИМАМ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық ардагерлер кеңесінің шақыртуымен өткен алқалы жиынға қатысты. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселелердің маңызына тоқталып, одан туындайтын нақты міндеттер мен жауапкершіліктер жайында кеңінен сөз қозғады.

Жиын барысында қоғамның рухани тұтастығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі, дәстүрлі құндылықтарды нығайту бағытындағы ортақ міндеттер атап өтілді. Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамдық келісімді сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Аталған жиынға аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен аудан бас имамдары онлайн форматта қатысып, көтерілген тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.