Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Әт-Тақуа» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
«Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы» тақырыбында өткен жұма насихатында бас имам ізгі амалдардың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, шынайы иман жақсы мінез-құлық пен игі істер арқылы көрінетінін атап өтті.
Сондай-ақ, қоғамда татулық пен мейірімділікті нығайту, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, адал еңбек ету – мұсылманның басты борышы екеніне назар аударды. Уағыз барысында жамағатқа қайырлы істерде жарысып, бір-біріне жанашыр болуға шақырды. Жұма намазынан соң бас имам жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасады











