БАС ИМАМ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үштаған» қалалық форумына Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысты. Шарада білім беру ұйымдары, ата-аналар және түрлі қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен бірлескен жұмыстар талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелер, жасөспірімдер тәрбиесі, отбасындағы құндылықтар және мектеп пен ата-ана байланысын нығайту бағытында ұсыныстар ортаға салды.

Өз кезегінде облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы рухани саладағы әріптестікті одан әрі жандандырып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңызын атап өтті. Ол жастардың тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды көтеру және қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтауда дін мамандары мен білім саласының, ата-аналар қауымының бірлескен іс-әрекеті шешуші рөл атқаратынын жеткізді.