Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиевпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және рухани бағыттағы жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, жастар тәрбиесі мен діни сауаттылықты арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын сөз етті.
Сондай-ақ, Болатбек Ұласқанұлы ауданға жаңадан тағайындалған бас имам Шүкіріддін Темірқұлұлын таныстырды.
Кездесу соңында алдағы жұмыстар бойынша ортақ келісімдер мен бірлескен іс-шараларды жалғастыруға уағдаласты.









