Бас имам Қызылқоға ауданында жамағатпен кездесті

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» мешітінде болып, жергілікті жамағатпен рухани жүздесті.

Кездесу барысында бас имам ауызбіршілік пен бірліктің маңыздылығы, қоғамдағы татулық пен келісімнің мәні туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ол жат ағымдардан сақтану және жастардың дұрыс діни бағытта тәрбиеленуі мәселесіне де ерекше тоқталды. Насихат барысында жамағатқа діннің асыл құндылықтарын насихаттау, имандылық пен моральдық принциптерді күнделікті өмірде ұстану қажеттілігі түсіндірілді.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға бас имам жауап беріп, дін жолында туындайтын мәселелерге кеңестерін айтты.