БАС ИМАМ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАДЫ

Иманғали орталық мешітінде Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан – рухани мектеп» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Жұма уағызында бас имам Рамазан айының мұсылман баласы үшін рухани тазару, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену кезеңі екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл айдың адамның мінез-құлқын түзеп, жүрек пен ниетті тәрбиелейтін үлкен рухани мектеп екеніне кеңінен тоқталды. Оразаның тек аштық пен шөлге төзу емес, тіл мен көзді, ой мен амалдарды жамандықтан сақтау арқылы толық мәнге ие болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, жамағатты Рамазан айында құлшылықты арттырып, қайырымдылық пен ізгі амалдарға ерекше мән беруге, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға шақырды. Уағыз соңында еліміздің амандығы мен тыныштығы, халықтың бірлігі үшін дұға жасалды.