Өңірдің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы Құрманғазы ауданына сапары барысында жаңадан ашылған Шортанбай ауылдық мешітінде жамағатқа жұма насихатын жүргізді. Діни басқарма бекіткен жұма уағызының тақырыбы “зікір және оның пайдасы туралы насихатта бас имам
Адамның ақыретте мол сауапқа кенелуіне себепші болатын зікір сөздерін әр адам шамасы келгенінше көбірек айтып жүруге тырысуы қажет.
Алланы еске алу үшін ешбір уақытқа да, ешбір жағдайға да шектеу қойылмаған. Алланы отырған кезде де, тұрған кезде, жалғыз да, көпшілік жамағатпен де еске алуға рұқсат етілген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер жәннат бақшаларының жанынан өтсеңдер ләззат алыңдар», – деген. Пайғамбарымыздан: «Жәннат бақшалары дегеніміз не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланы еске алатын мәжілістер», – деп жауап береді» (имам Тирмизи).
Ғалымдарымыз аталмыш хадисті: «Алланы еске алып жатқан топтардың қасынан өткен кезде сендер де солармен бірге Алланы еске алыңдар немесе олардың зікірлерін тыңдаңдар», – деп түсіндірген,-деп атап өтті.
Сондай ақ бас имам жамағатпен бірге қасиетті күні ел амандығы үшін дұға жасады





