Бас имам «Talky Law» подкастында қонақ болды

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық Ішкі саясат басқармасы тарапынан жүзеге асып жатқан «Қоғам дауысы» жобасы аясында түсірілетін «Talky Law» подкастында қонақ болып, сұхбат берді.

Еркін әңгіме барысында қоғамдағы діни ахуал, жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтар және рухани тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Сұхбатқа белгілі тарихшы, дінтанушы Ернар Абзалұлы да қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Болатбек Ұласқанұлы, Атырау облысының бас имамы:

«Қазіргі қоғамда рухани бірлік пен тұрақтылықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жастардың дұрыс бағытта тәрбиеленуі, отбасының берік болуы – ұлттың болашағына тікелей әсер етеді. Мешіттеріміз тек құлшылық орны ғана емес, рухани және тәрбиелік орталыққа айналуы тиіс. Сол себепті дін қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар мен қоғам болып бірігіп жұмыс істеуіміз керек», – деді ол.

Жоба ұйымдастырушылары мұндай ашық форматтағы сұхбаттар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және халықтың діни сауатын арттыруға үлес қосатынын атап өтті.

#дін#руханият#ислам#қоғам#подкаст#атырау#мешіт