Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қаладағы Ықылас мешітінде Жан мен тәннің рухани тазалығы тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Бас имам өз сөзінде жан мен тәннің тазалығы – мұсылманның иманы мен амалының айнасы. Тән тазалығы – ғибадаттың шарты болса, жан тазалығы – құлшылықтың мәні. Бірінсіз бірі толық болмайды. Өйткені жүрек кірлесе, амалдың берекесі кетеді, тән тазаланбаса, құлшылық қабыл болмайды. Алланың алдында ардақты құл болу үшін де, қоғамға пайдалы тұлға болу үшін де осы екі тазалыққа ұдайы көңіл бөлуіміз тиіс.
Жүректі күнәдан тазартып, нәпсіні тәрбиелеу – әрбір мұсылманның өмірлік міндеті. Кімде-кім жүрегін саф ниетпен, тілін зікірмен, тәнін тазалықпен, дос-жаран ортасын ізгілікпен безендірсе – оның өмірі бақытқа, ақыреті құт-берекеге толы болмақ. Алла Тағала бізді тазалықты сүйетін құлдарының қатарына қоссын,-деп тілегін білдірді бас имам.






