БАС ИМАМ ЖЕҢІМПАЗ ҚАРИҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін қасиетті жұма күні Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы республикалық XIV «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауында мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі бірінші орын иеленген атыраулық қари Ұлан Балтабайды жамағатқа таныстырды.

Жұма намазы алдында өткен бұл сәтте бас имам жеңімпаз қариға жергілікті жамағат атынан ризашылық білдіріп, еңбегінің Алла разылығы үшін жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, жиналған ақсақалдар Ұлан Балтабайға батасын беріп, ел руханиятына қызмет етіп жүрген жас қаридың еңбегіне сәттілік тіледі.