Бас мүфти Түркия дін істері басқармасының төрағасын қарсы алды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен бүгін елімізге Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш келді.

Елордадағы халықаралық әуежайдан құрметті қонақтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.

Айта кетейік, 2-3 қазан күндері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісі өтеді. Айтулы жиынға әрі ресми жұмыс сапарымен келген Түркия мүфтиі бүгін Діни басқармада екіжақты кездесулерге қатысады деп жоспарлануда.