ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында Анкара қаласында түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
Ең алдымен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков шараның мәніне тоқталып, шәкірттерді таныстырып өтті. Рухани отырыста сөз алған Бас мүфти ҚМДБ-ның қазіргі жұмыс бағыты, қоғамдағы өзекті тақырыптар, жастарды алаңдатқан сауалдар төңірегінде шәкірттермен пікір алмасты.
Бұдан бөлек Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға ихсан ілімінің маңызы жайында насихатын жеткізді.
Рухани кештің соңында Бас мүфти шәкірттерге бүгін ғана тағайындалған Діни басқарманың Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбаевты таныстырып, оған шәкірттермен тығыз байланыс орнатып, қажет болса мүфтият түрлі бағытта қолдау көрсетуге даяр екенін жеткізді.