Мақат ауданының Доссор кентіндегі мешіт көп балалы 5 отбасына 50 мың теңгеден көмек берді.
Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған игі шара аясында Доссор орталық мешітінің имамы Мұхаммед Сапарұлы аталған отбасыларын құттықтап, Рамазан сыйын табыс етті.
Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, қайырымдылық мешіттердің басты жұмыс бағыты болып қала береді.


