Доссор кентінде айт мейрамы кең көлемде аталып өтті. Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, жамағатқа ақ дастархан жайылды.
Мерекелік жиында Доссор мешітінің имамы Мұхаммед Сапарұлы келген қонақтарға, ұстаздарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы жамағатқа насихат айтып, айттың маңызы мен рухани мәніне тоқталды.













