Мақат ауданының Доссор кентіндегі Сатан Шәмек мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті.
Қырыққа жуық жамағат білімдерін сарапқа салған сайыста қатысушылар «Ораза ұстау әдебі», «Көркем мінез», «Туыстық қатынасты жақсарту», «Пайғамбар өмірі» сынды рухани тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.
«Рамазан – тәрбие айы. Бұл айда адам өзін жақсы жаққа тәрбиелеуге тырысып, білім алуға ұмтылуы керек. Кітап оқу, ерте тұру, құлшылығын күшейту, салауат айтумен бірге, отбасына, жақындарына сыйлық жасауға тырысуы керек» дейді Сатан – Шәмек мешітінің имамы Қуаныш Сәрсенұлы.
Шара соңында үздік шыққан қатысушыларды Сатан – Шәмек мешітінің имамы Қуаныш Сәрсенұлы арнайы дипломмен марапаттады.