Елімізде 18 адам коронавирустан жазылып шықты

amin.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Соңғы ресми ақпарат бойынша, елімізде 18 адам коронавирустан жазылып шықты.

Елордада он үш, Алматы қаласында бес адам емханадан шығарылған.

Десе де, вирус жұқтырғандар саны қазіргі уақытта 228 адамға жетіп отыр. Ал, Атырау қаласында 5 адамның аталмыш инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда еліміздегі барлық мешіттерде Отанымыздың амандығы үшін Құран Хатым оқылып жатыр. Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде төтенше жағдай аяқталғанша Құран аяттары оқыла беретінін айтқан болатын.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.