Елтай ауылында аудан имамдары жиын өткізді

Индер ауданына қарасты Елтай ауылындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы мешітінде аудан имамдарының жиыны өтті.
Басқосуда ауданның бас имамы Ералы Қамзағалиев сөз сөйлеп, биылғы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ол аудан көлемінде жүзеге асырылатын діни-рухани шаралардың маңызын атап өтіп, алдағы жоспарлар жөнінде өз пікірін білдірді.
Жиын соңында ауыл имамдарының еңбегі еленіп, бірқатар дін қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бас имам имамдардың қызметіне береке, ел бірлігі мен рухани тұрақтылық жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.